"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" және 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылға Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит;
3) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы | У.Елеусинов |