Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №154 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде орналасқан Мүсірәлі баба көшесі №9/1, №5/2, №2/1, №1/1, Манақ батыр көшесі №5, №11, №13, №8, Ш.Уәлиханов көшесі №9, №11, №28, №10, №6, №4, Қ.Құлманов көшесі №4 және Қоқыбай болыс көшесі №9А, №4, №10/2, №12/1, №12/2, №14/1 үйлердің ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 13 "Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Таң ауылдық округі әкімі | К.Сейдахметов |