Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 13 шешімі. Күші жойлды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 11.07.2023 жылғы 11 шілдедегі № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 18 мамырдағы №120 ұсынысына сәйкес Таң ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде орналасқан Мүсірәлі баба көшесі №9/1, №5/2, №2/1, №1/1, Манақ батыр көшесі №5, №11, №13, №8, Ш.Уәлиханов көшесі №9, №11, №28, №10, №6, №4, Қ.Құлманов көшесі №4 және Қоқыбай болыс көшесі №9А, №4, №10/2, №12/1, №12/2, №14/1 үйлердің ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округі әкімі К.Б.Сейдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады