Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 35 "Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4546-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З. Т. Есбергеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ноғаев |