Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.12.2023 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 35 қаулыға қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қосымша білім беру бағыттарының түрлері | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны | Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге |
1 | Ғылыми-техникалық | 1190 | 13168 |
2 | Туризм және өлкетану | 220 | 13168 |
3 | Экологиялық-биологиялық | 230 | 13168 |
4 | Көркемдік-эстетикалық | 455 | 13168 |
5 | Әлеуметтік-педагогикалық | 665 | 13168 |
6 | Гуманитарлық | 1000 | 13168 |
7 | Жаратылыстану-математикалық | 1240 | 13168 |
Барлығы | 5000 | - |