Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Аймаганбетовке жүктелсін.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Қосуақов |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
"14" қарашадағы №539 | |
қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 52 "2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;
2)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 665 "2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;
3)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы №368 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №665 "2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.