Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 "Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 15 шешімі

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8711 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысының энергетика

      және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________________ Д. Аскаров

      "___"____________________ 2023 жыл

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 21 сәуірдегі
  № 15 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2019 жылғы 4 қазандағы
  № 433 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін (мүрдесін) жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2 тарау. Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісің ұйымдастырудың тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу ісін ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі есепке алу журналдарының негізінде зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зираттың бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      4. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      5. Жерлеу зират әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      6. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.

      7. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жергілікті атқарушы органға, қаладағы аудан әкімінің аппаратына жазбаша өтініші бойынша бұрын қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде, қайтыс болған адамды немесе оның сүйектерін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанына жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бұрын қайтыс болған жақын туысының бос жер учаскесі немесе қабірі болған кезде қамтамасыз етіледі.

      8. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      9. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      10. Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді (мүрделерді) Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді (мүрделерді) жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      11. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      12. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

      13. Ауданның, қаланың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша уақытылы жүзеге асырылады.

      14. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақытылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақытылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

О внесении изменения в решение маслихата от 4 октября 2019 года № 433 "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области"

Решение маслихата Костанайской области от 21 апреля 2023 года № 15

      Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Костанайского областного маслихата "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области" от 4 октября 2019 года № 433 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8711) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Костанайского областного маслихата С. Ещанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения

      "Управление энергетики и

      жилищно-коммунального хозяйства

      акимата Костанайской области"

      ____________________________ Д. Аскаров

      "___"________________________ 2023 года

  Приложение
  к решению маслихата
  от 21 апреля 2023 года
  № 15
  Приложение
  к решению маслихата
  от 4 октября 2019 года
  № 433

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Костанайской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1-16) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения умерших или их останков, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения" от 19 августа 2021 года № ҚР ДСМ-81 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24066).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) отдел регистрации актов гражданского состояния (далее – регистрирующий орган) – местный исполнительный орган, осуществляющий государственную регистрацию актов гражданского состояния;

      2) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      3) могила – место захоронения умершего или его останков;

      4) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      5) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища.

Глава 2. Порядок погребения и организации дела по уходу за могилами

      3. Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

      Акимат района (города областного значения) организует свод данных (сведений) учета и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы, а также осуществляет контроль за соблюдением условий договора об организации дела по погребению.

      Аким города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа ведет учет и регистрацию земельных участков, предназначенных под могилы на основании журналов учета.

      Акимат района (города областного значения) на официальном интернет-ресурсе местного исполнительного органа размещает актуальную информацию по занятым и свободным участкам кладбища.

      4. Захоронение производится на территории кладбища после предъявления администрации кладбища свидетельства о смерти, выданного регистрирующим органом, осуществляющий регистрацию смерти и (или) медицинского свидетельства о смерти по форме № 045/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21579) либо уведомления о смерти, полученного посредством веб-портала "электронного правительства".

      5. Захоронение регистрируется в журнале учета, который ведется администрацией кладбища.

      6. Журнал учета содержит следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство или уведомление о смерти, полученное посредством веб-портала "электронного правительства";

      фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер (при его наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      7. По письменному заявлению близких родственников, а также супруга (супруги) в местный исполнительный орган, аппарат акима района в городе при предоставлении документов, подтверждающие близкое родство умершего с ранее умершим, погребение умершего или его останков рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы ранее умершего близкого родственника.

      8. Захоронение найденных тел умерших или их останков, утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      9. Захоронение безродных производится за счет бюджетных средств.

      10. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при перевозке останков из отдельных могил для перезахоронения по Республике Казахстан или за ее пределами.

      11. Проектирование и устройство могил:

      расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 сантиметров;

      каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

      12. Благоустройство мест захоронения и их содержание:

      В границах участка, отведенного под захоронение, допускается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местными исполнительными органами в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Заключение договора на содержание и обслуживание кладбищ между местным исполнительным органом района, города (города областного значения) и администрацией кладбища осуществляется своевременно по итогам конкурса, проводимого в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      14. Администрация кладбищ обеспечивает:

      1) предоставление гражданам полной информации о порядке оказания ритуальных услуг, в том числе с размещением информации на стендах на территории кладбища;

      2) своевременную подготовку могил для захоронения умерших или их останков;

      3) соблюдение установленной нормы отвода каждого земельного участка для захоронения и правил подготовки могил;

      4) содержание в исправном состоянии зданий, инженерного оборудования, территории кладбища, ограждения, освещения;

      5) контроль за организацией работ по содержанию кладбищ, включая систематическую уборку дорожек общего пользования и участков хозяйственного назначения, обслуживание сетей водоснабжения, уход за зеленными насаждениями на всей территории кладбища, текущий ремонт дорог и своевременный вывоз мусора;

      6) предоставления гражданам напрокат инвентаря для ухода за местом захоронения;

      7) предоставление равного доступа всем субъектам ритуальных услуг.