Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 23595 болып тiркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. "Пульмозим" (Дорназа альфа) препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, кистоз фиброзы (муковисцидоз) ауруы бар азаматтарға.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | С. Манасбаев |