Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23595 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, соның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес қосымша берілсін.

      2. Қостанай облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7837 болып тiркелген);

      2) "Мәслихаттың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 265 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы № 490 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9056 болып тiркелген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы А. Мурзабекова
      Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Н. Утеулин

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 9 шілдедегі
  № 75 шешіміне
  1-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша ұсынылатын дәрілік заттар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы мәслихатының 25.08.2021 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. "Метотрексат" препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға.

      2. "Тобрамицин" препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.

      3. "Третиноин" препараты, капсула, онкологиямен ауыратын азаматтарға.

      4. "Адалимумаб" препараты, инъекцияға арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға арналған.

      5. "Тоцилизумаб" препараты, инъекция мен инфузияға арналған ерітінді, ювенилдік идиопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.

      6. "Риоцигуат" препараты, таблетка, өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға.

      7. "Стирипентол" препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.

      8. "Вибагатрин" препараты, таблетка, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      9. "Лакосамид" препараты, таблетка, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      10. "Этосуксимид" препараты, капсула, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      11. "Сультиам" препараты, таблетка, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      12. "Перампанел" препараты, таблетка, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      13. "Зонисамид" препараты, капсула, эпилепсиямен ауыратын адамдарға.

      14. Декспантенолды жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.

      15. Мометазон жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.

      16. Сульфатиазол күміс жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.

      17. Бацитрацин мырышы/неомицин сульфаты жақпамайы, сыртқы қолдануға арналған крем, Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған.

      18. "Нусинерсен" препараты, интратекальды енгізуге арналған ерітінді, жұлын бұлшықет атрофиясымен ауыратын азаматтарға (балаларға).

      19. "Этеплирсен" препараты, инфузияға арналған ерітінді, Дюшен/Беккер үдемелі бұлшықет дистрофиясымен ауыратын азаматтарға.

      20. "Пульмозим" (Дорназа альфа) препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, кистоз фиброзы (муковисцидоз) ауруы бар азаматтарға.

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 9 шілдедегі
  № 75 шешіміне
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін арнайы емдік өнімдер

      1. Жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі арнайы емдік өнім.

      2. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі арнайы емдік өнім.

      3. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға энтеральдық қоректендіруге арналған арнайы емдік өнім.

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 9 шілдедегі
  № 75 шешіміне
  3-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар

      1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

      зарарсыздандырылған, ылғалды жақсы сіңіретін тоқыма емес, ауа жіберетін, гигиеналық салфеткалар;

      бекітілетін, жоғары эластикті, торлы, түтікшелі, мақталы синтетикалық бинт;

      жабыстырғыш, силиконды жабындысы бар бастырма;

      зарарсыздандырылған, абсорбциялайтын, бактерияға қарсы, атравматикалық, дәрілік қоспасы бар таңғыштар.

      2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:

      аспираторлық катетер;

      асқазандық сүңгі;

      трахеостомаға арналған жылуылғалалмастырғыш;

      энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады