Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қарашадағы № 528 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
22) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға беру, өтеусіз пайдалану туралы шешім қабылдайды;";
30), 36), 39), 40) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"30) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру өкілеттіктеріне сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншікте болатын мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;";
"36) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды, акцияларының мемлекеттік пакеттері, жарғылық капиталындағы қатысу үлестері облыстық коммуналдық меншікте болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта құру, тарату, қайта атау, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құжаттарды қарастырады;";
"39) сыйға тарту шарты бойынша мүлікті облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;
40) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыру жөнінде әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |