"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы мынадай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Искаков |