Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 228 "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 222 қаулысы

      Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 228 "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушысы Д. Тлеубаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы "2" тамыз
  № 222 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2021 жылғы "29" желтоқсандағы
  № 228 қаулысымен
  бекітілген

"Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Мая көшесі, 44.

      10. Осы Ереже Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;

      3) аудандағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсатта барлық атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      өзінің құзіреті шегінде сұратуларды жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалар мен өзге ұйымдардан аудан әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алу;

      өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);

      тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

      2) міндеттер:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялары:

      1) "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;

      2) әкімдік мәжілістерін, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, әкімдік мүшелерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды;

      3) әкімдіктің іс қағаздарын жүргізеді және әкімдікке, әкімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, сондай-ақ Әулиекөл ауданы әкімдігінің және әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді;

      4) әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      7) заң қызметінің әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіпте әкімдік бөлімдері шығарған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарды қарауды жүзеге асырады;

      9) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;

      10) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларының мониторингін жүзеге асырады;

      11) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      12) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      13) ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      14) функционалдық блоктар бойынша жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      15) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      16) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      17) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;

      18) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асырады, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және Әулиекөл ауданы әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      20) аудан әкімдігіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасына, қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады;

      21) жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      22) өңірлік деңгейде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізеді;

      23) мемлекеттік наградалармен наградталатын адамдардың деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы мәжілісі, аудандық мәслихат депутаттарының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізімін жүргізуді жүзеге асырады;

      25) алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерін жүргізу және өзектілендіруді қамтамасыз ету арқылы қылмыстық сот ісін жүргізуде алқабилердің қатысуымен байланысты қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      26) әкімшілік-аумақтық құрылым саласында мемлекеттік саясатты іске асырады, облыс әкімдігіне ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратына басшылықты Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін білдіреді;

      2) "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      4) "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      5) бұйрықтар шығарады;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады.

      Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      19. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Әулиекөл ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений в постановление акимата Аулиекольского района от 29 декабря 2021 года № 228 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Аулиекольского района"

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 2 августа 2023 года № 222

      Акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Аулиекольского района от 29 декабря 2021 года № 228 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Аулиекольского района" следующие изменения:

      Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Аулиекольского района", утвержденное вышеуказанным постановлением изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Аулиекольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции о внесенных изменениях в вышеуказанное Положение;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Аулиекольского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Аулиекольского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима района Д. Тлеубаев

  Приложение
  к постановлению акимата
  от "2" августа 2023 года
  № 222
  Утверждено
  постановлением акимата
  от "29" декабря 2021 года
  № 228

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Аулиекольского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Аулиекольского района" (далее - Аппарат акима Аулиекольского района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности акима и местного государственного управления.

      2. Аппарат акима Аулиекольского района не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима Аулиекольского района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима Аулиекольского района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима Аулиекольского района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима Аулиекольского района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима Аулиекольского района по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: 110400, Республика Казахстан, Костанайская область, Аулиекольский район, село Аулиеколь, улица 1 мая, 44.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата акима Аулиекольского района.

      11. Финансирование деятельности Аппарата акима Аулиекольского района осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату акима Аулиекольского района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата акима Аулиекольского района.

      Если Аппарату акима Аулиекольского района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан;

      2) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;

      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в районе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов исполнительной власти.

      14. Полномочия:

      1) права:

      представление интересов акима и акимата района;

      направление запросов в пределах компетенции и получение необходимой информации, документов и иных материалов от государственных органов, должностных лиц и других организаций по вопросам компетенции акима и акимата района;

      дача необходимых поручений руководителям организаций, расположенных на территории района, по вопросам своей компетенции (по согласованию);

      взаимодействие с другими органами государственного управления, органами общественного самоуправления и другими организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории.

      2) обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области.

      15. Функции:

      1) проводит анализ состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района", исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета;

      2) планирует проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организует их подготовку и проведение, по предложению членов акимата и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета составляет ежеквартальный перечень вопросов для рассмотрения на заседаниях акимата;

      3) ведет делопроизводство акимата и обработку корреспонденции, поступающей в акимат, акиму, обеспечивает сбор, обработку информации, поступающей из других государственных органов и организаций, а также обращений физических и юридических лиц по вопросам, относящимся к компетенции акимата и акима Аулиекольского района;

      4) организует и обеспечивает подготовку проектов постановлений акимата, решений и распоряжений акима, приказов руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района";

      5) осуществляет контроль за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных государственных органов Республики Казахстан, а также акима и акимата области, района;

      6) обеспечивает взаимодействие и координацию деятельности органов государственного управления, подчиненных акиму района;

      7) обеспечивает непосредственное участие юридической службы в разработке нормативных правовых актов акима и акимата района, обеспечивает принятие, государственную регистрацию, а также сбор, хранение и учет нормативных правовых актов акима и акимата района;

      8) осуществляет рассмотрение жалоб на административные акты, административные действия (бездействия) поступившие в отношении отделов акимата в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

      9) обеспечивает поддержку и развитие интернет-ресурса акимата, организует взаимодействие органов государственного управления с гражданами и юридическими лицами в условиях информационного общества;

      10) осуществляет мониторинг кадров аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      11) осуществляет организацию проведения конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей;

      12) осуществляет организацию деятельности единой дисциплинарной комиссии по рассмотрению дисциплинарных проступков государственных служащих местных исполнительных органов;

      13) осуществляет организацию деятельности единой комиссии по оценке деятельности государственных служащих местных исполнительных органов района;

      14) осуществляет организация деятельности единой комиссии по распределению административных государственных должностей корпуса "Б" местных исполнительных органов по функциональным блокам;

      15) осуществляет реализацию государственной политики по противодействию терроризму в сфере профилактики терроризма, минимизации и (или) ликвидации его последствий;

      16) осуществляет реализацию государственной политики в сфере гражданской защиты, направленную на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций и их последствий на региональном уровне;

      17) ведет регистрацию актов, изданных акимом и акиматом, обеспечивает надлежащее оформление и рассылку;

      18) осуществляет документационное обеспечение, в том числе путем организации надлежащего документооборота, внедрения и развития информационных технологий, контроль за соблюдением правил делопроизводства и расширения сферы применения государственного языка;

      19) осуществляет прием, регистрацию и учет обращений физических и юридических лиц, организует личный прием физических лиц и представителей юридических лиц акимом района, заместителями акима района и руководителем Аппарата акима Аулиекольского района;

      20) осуществляет контроль за качеством, сроками рассмотрения обращений физических и юридических лиц, поступающих в акимат района;

      21) осуществляет реализацию на местном уровне государственной политики в сфере информационных технологий и информационной безопасности;

      22) проводит мероприятия по реализации антикоррупционной политики государства на региональном уровне;

      23) осуществляет формирование базы данных лиц, награждаемых государственными наградами;

      24) обеспечивает организацию проведения выборов Президента Республики Казахстан, депутатов мажилиса Республики Казахстан, районного маслихата, акимов сел и сельских округов, осуществляет ведение списков избирателей;

      25) осуществляет реализацию государственной политики в сфере общественных отношений, связанных с участием присяжных заседателей в уголовном судопроизводстве посредством ведения и обеспечения актуализации предварительных списков кандидатов в присяжные заседатели;

      26) реализует государственную политику в сфере административно-территориального устройства, вносит предложения в акимат области об изменении административно-территориального устройства района.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Аппаратом акима Аулиекольского района осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат акима Аулиекольского района задач и осуществление им своих функций.

      17. Первый руководитель Аппарата акима Аулиекольского района назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Аппарата акима Аулиекольского района:

      1) представляет государственное учреждение "Аппарат акима Аулиекольского района" в государственных органах, иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) без доверенности действует от имени государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района";

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат акима Аулиекольского района", несет персональную ответственность за непринятие надлежащих антикоррупционных мер;

      4) организует и руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных задач и функций;

      5) издает приказы;

      6) подписывает служебную документацию;

      7) назначает, освобождает, налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения в отношении работников государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района", осуществляющих техническое обслуживание и обеспечивающих функционирование государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района" и не являющихся государственными служащими, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;

      8) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц.

      Исполнение полномочий первого руководителя Аппарата акима Аулиекольского района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Аппарат акима Аулиекольского района возглавляется руководителем государственного учреждения "Аппарат акима Аулиекольского района", назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат акима Аулиекольского района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата акима Аулиекольского района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Аппаратом акима Аулиекольского района, относится к коммунальной собственности.

      22. Аппарат акима Аулиекольского района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Аппарата акима Аулиекольского района осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.