"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығы Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 58 "Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу ұшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов аудандық мәслихатының төрағасы | В. Шерер |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 8 қарашадағы | |
№ 63 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әйет ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны-ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округ аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Әйет ауылдық округінің әкімі ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Жергілікті қоғамдастықтың халқын Әйет ауылдық округінің әкімі оны өткізген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда, өзге де тәсілдермен хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында оған қатысуға құқығы бар тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Әйет ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады..
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және Бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Әйет ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген қатысушылардың саны мен тізімі;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
5) күн тәртібі, сөз сөйлеу мазмұны және қабылданған шешімдер.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 8 қарашадағы | |
№ 63 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Әйет ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Заәйет ауылының тұрғындары үшін | 3 |