Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19- бабына, 69-бабы 4- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 4,0046 гектар жер учаскесіне "Қостанай облысы, Қамысты ауданының, Адаевка ауылында газ тарату желілерін салу" жобасы бойынша газ құбырын салу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтікқұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық акпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;
2) Осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Кушкинбаев |