Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 05.09.2023 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 15 ақпандағы № 01-20/77 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының "Муканова Г.А." жеке кәсіпкерінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарабалық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналыстырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
5. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Е. Бисекеев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қарабалық аудандық
аумақтық инспекциясы" ММ басшысы
__________________ М. Балмагамбетова
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы" ММ
Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік
ветеринариялық дәрігері
____________________ Ж. Джаксыбаева
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария
басқармасының "Қарабалық ауданының
Ветеринариялық станциясы" КМК
басшысының м. а.
_______________________ К. Султанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық -
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық –
эпидемиологиялық бақылау департаменті
Қарабалық аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы"
РММ басшысы
_________________________ С. Каратаев