"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | В. Радченко |
Қарасу ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 11 қазандағы | |
№ 227 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің ведомствосы бар: Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 13.02.2025 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері - индексі 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Аманкелді Исаков кошесі, 68 үйі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Талаптар:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) бөлімнің қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 13.02.2025 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Өкілеттіктер:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялар:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
6) адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;
7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, сұрау салуларын, пікірлері мен ұсыныстарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
9) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
10) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, есепке алу және оларға куәліктер беру үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
11) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
12) аудандық комиссияның әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
13) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ Қарасу ауданы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша;
14) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 13.02.2025 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) белгіленген сан мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Бөлім және ведомстволық бағынысты мекеме қызметкерлерінің штат кестелерін бекітеді;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бөлімнің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде бөлімнің қаражаты мен мүлкіне билік етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 13.02.2025 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.