Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қазандағы № 227 "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 24 қаулысы

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2023 жылғы 11 қазандағы № 227 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мекеменің ведомствосы бар: Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Талаптар:

      1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) бөлімнің қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.";

      15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялар:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      6) адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;

      7) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, сұрау салуларын, пікірлері мен ұсыныстарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      9) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      10) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, есепке алу және оларға куәліктер беру үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      11) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      12) аудандық комиссияның әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      13) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ Қарасу ауданы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша;

      14) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      19 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) белгіленген сан мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Бөлім және ведомстволық бағынысты мекеме қызметкерлерінің штат кестелерін бекітеді;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бөлімнің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзыреті шегінде бөлімнің қаражаты мен мүлкіне билік етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.".

      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтиды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады