Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 3 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 07.08.2024 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1. Қостанай ауданы әкімінің "Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 10 қазандағы № 2 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы";

      көрсетілген шешімнің 2 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғарыда аталған аумақта жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Танжариков

О внесении изменения в решение акима Костанайского района от 10 октября 2023 года № 2 "Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба"

Решение акима Костанайского района Костанайской области от 31 октября 2023 года № 3. Утратило силу решением акима Костанайского района Костанайской области от 7 августа 2024 года № 7

      Сноска. Утратило силу решением акима Костанайского района Костанайской области от 07.08.2024 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Костанайского района "Об объявлении чрезвычайную ситуацию техногенного характера" от 10 октября 2023 года № 2 следующее изменение:

      заголовок вышеуказанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба";

      пункт 2 указанного решения изложить в новой редакции:

      "2. Провести мероприятия, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба, на вышеуказанной территории.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Б. Танжариков