Қостанай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Қостанай ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Танжариков

  Қостанай
  ауданы әкімінің
  2024 жылғы "07" тамыз
  № 7 шешіміне
  қосымша

Қостанай ауданы әкімінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі:

      1) Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 2 шешімі;

      2) Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 31 қазандағы "Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 3 шешімі;

      3) Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 22 қарашадағы "Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 10 қазандағы "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 4 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады