"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентін жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан мәслихатының төрағасы | Д.А. Мартин |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 68 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Тобыл кентінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Тобыл кентінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Тобыл кентінің әкімі Тобыл кентінің ауылдары шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Тобыл кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тобыл кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тобыл кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тобыл кентінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихатымен бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда бөлек жиынның төрағасы, шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Тобыл кентін әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы | |
№ 68 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Тобыл кентінің тұрғындары үшін | 126 |
Элеваторная көшесі | 3 |
Станционная көшесі | 3 |
Бейбітшілік көшесі | 3 |
Рабочая көшесі | 3 |
Тәуелсіздік көшесі | 3 |
Кустанайская көшесі | 3 |
Достық көшесі | 3 |
Викторовская көшесі | 3 |
Северная көшесі | 3 |
Целинная көшесі | 3 |
Западная көшесі | 3 |
Южная көшесі | 3 |
Болашақ көшесі | 3 |
Степная көшесі | 3 |
Карьерная көшесі | 3 |
Новая көшесі | 3 |
Нефтебазовская көшесі | 3 |
Панфилов көшесі | 3 |
Бақыт көшесі | 3 |
Каменный карьер көшесі | 3 |
Школьный тупик көшесі | 3 |
КСМК көшесі | 3 |
ВОДРЕМ-303 көшесі | 3 |
Дорожная көшесі | 3 |
Восточная көшесі | 3 |
Комсомольская көшесі | 3 |
Юбилейная көшесі көшесі | 3 |
Титов көшесі | 3 |
Таран көшесі | 3 |
Гагарин көшесі | 3 |
Молодежная көшесі | 3 |
Строительная көшесі | 3 |
ДЭУ-23 көшесі | 3 |
Бірлік көшесі | 3 |
Самал көшесі | 3 |
Тобольская көшесі | 3 |
Путейская көшесі | 3 |
Больничный тұйық көшесі | 3 |
Станционный тұйық көшесі | 3 |
Жеңіс көшесі | 3 |
Школьный тұйық көшесі | 3 |
Деповской тұйық көшесі | 3 |
Приозерное ауылының тұрғындары үшін | 36 |
Комсомольская көшесі | 3 |
Гагарин көшесі | 3 |
Космонавттар көшесі | 3 |
Украинская көшесі | 3 |
60 лет СССР көшесі | 3 |
Егоров көшесі | 3 |
Советская көшесі | 3 |
Ленин көшесі | 3 |
Кошевой көшесі | 3 |
Целинная көшесі | 3 |
Полтавская көшесі | 3 |
Дзержинский көшесі | 3 |
Барлығы | 162 |