"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Байшуақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2022 жылғы 12 тамызындағы Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округінің Байшуақ ауылының мынадай көшелері қайта аталсын:
1) Клубная көшесін Достық көшесіне;
2) Логовая көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
3) Корчагин көшесін Бейбітшілік көшесіне;
4) 50 лет Октябрь көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
5) Парковая көшесін Н.А.Зюков көшесіне.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байшуақ ауылдық округінің әкімі | Т. Туйтебаев |