"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 42 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;";

      15-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;

      3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін;

      4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;";

      53) тармақша алып тасталсын;

      54) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 75-2), 75-3), 75-4), 75-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "75-2) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыру;";

      "75-3) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;";

      "75-4) Бюроға цифрлық трансформациялауды жүргізу;";

      "75-5) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Бюроның қызметіне функционалдық талдау жүргізу;".

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
Ә. Ерғалиев

"О внесении изменений и дополнений в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан"

Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 5 июля 2023 года № 42

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ "Об утверждении Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положение о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденным вышеназванным приказом:

      в пункте 14:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) получать доступ к базам данных государственных органов и организаций, включая первичные, административные и персональные данные, с соблюдением установленных законодательными актами Республики Казахстан требований к разглашению сведений, составляющих коммерческую и иную охраняемую законом тайну;";

      в пункте 15:

      подпункт 9) изложить в следующей редакции:

      "9) организация и проведение общегосударственных статистических наблюдений, в том числе регистрации цен в соответствии с планом статистических работ;";

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) ведение следующих статистических регистров:

      1) статистический бизнес-регистр, включающий в себя информацию о зарегистрированных на территории Республики Казахстан индивидуальных предпринимателях и юридических лицах, их обособленных подразделениях;

      2) статистический регистр населения, содержащий информацию о физических лицах, проживающих на территории Республики Казахстан, а также о гражданах Республики Казахстан, временно находящихся за ее пределами;

      3) сельскохозяйственный статистический регистр, включающий в себя информацию по субъектам, производящим сельскохозяйственную продукцию в Республике Казахстан;

      4) статистический регистр жилищного фонда, включающий в себя информацию о жилищах всех форм собственности Республики Казахстан;";

      подпункт 19) изложить в следующей редакции:

      "19) разработка и утверждение типовой методики описания процесса производства статистической информации государственными органами;";

      подпункт 21) изложить в следующей редакции:

      "21) разработка и утверждение типовой методики ведения ведомственных классификаций;";

      подпункт 23) изложить в следующей редакции:

      "23) разработка и утверждение порядка представления достоверных первичных статистических данных по утвержденным статистическим формам при проведении статистических наблюдений;";

      подпункт 24) изложить в следующей редакции:

      "24) разработка и утверждение статистической методологии на основе научных методов и подходов, в том числе методики по общегосударственным статистическим наблюдениям;";

      подпункт 25) изложить в следующей редакции:

      "25) разработка и утверждение правил регистрации цен;";

      подпункт 41) изложить в следующей редакции:

      "41) разработка и утверждение порядка и сроков проведения национальных переписей;";

      подпункт 42) изложить в следующей редакции:

      "42) разработка и утверждение плана мероприятий по проведению национальной переписи;";

      подпункт 53) исключить;

      подпункт 54) исключить;

      дополнить подпунктами 75-2), 75-3), 75-4), 75-5) следующего содержания:

      "75-2) проведение сопоставления данных статистических наблюдений с другими данными с целью выбора оптимального источника для использования в статистической деятельности;";

      "75-3) утверждение порядка оценки качества административных данных;";

      "75-4) проведение цифровой трансформации Бюро;";

      "75-5) проведение функционального анализа деятельности Бюро в соответствии с методикой по проведению отраслевых (ведомственных) функциональных обзоров деятельности государственных органов;".

      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель Агентства
по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
А. Иргалиев