Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 "Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 56/4 шешімі

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 7 тармағының келесі редакцияда жазылсын: "7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы И. Теренченко

О внесении изменение в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 24/3 "Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Павлодарской области"

Решение Павлодарского областного маслихата от 11 сентября 2023 года № 56/4

      Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского областного маслихата "Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Павлодарской области" от 22 апреля 2021 года № 24/3 следующие изменение:

      пункт 7 Правил утвержденных указанным решением, изложить в следующей редакции: "7. При определении мест выпаса и прогона сельскохозяйственных животных предусматриваются и осуществляются мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, а также обеспечивается неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных в соответствии с пунктом 1 статьи 17 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира".".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата И. Теренченко