"Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 27/2 шешімі

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының XIV сессиясының 2001 жылғы 19 қазандағы "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесiн "Павлодар қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттiк мекемесiне қайта тiркеу туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Кожин

  Павлодар қаласы
мәслихатының 2023 жылғы
27 сәуірдегі № 27/2
шешімімен бекітілген

"Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Павлодар қалалық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Павлодар қалалық мәслихаты төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.

      Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) қалалық мәслихаттың ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету;

      2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, қалалық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу жөніндегі реттеушілік міндеттермен қамтамасыз ету;

      4) сайлау комиссияларын қалыптастыру;

      5) қалалық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      6) қалалық мәслихаттың қызметі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету;

      7) мәслихаттың бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;

      8) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;

      9) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      10) бес жылда бір рет, жаңадан сайланған депутат өкілеттігінің алғашқы екі жылы ішінде қалалық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

      11) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1.1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      1.2) қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеуге қатысу үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      1.3) депутаттар сауалдарының және депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сұраулау жіберу;

      1.4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

      Міндеттері:

      2.1) өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

      2.2) қалалық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      2.3) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      16. Функциялар:

      1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;

      2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және шешімдердің өзге де жобаларын әзірлеуді бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;

      3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы мәліметтердің жариялануын ұйымдастыру, қалалық мәслихат қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;

      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, қалалық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      6) қалалық мәслихат аппаратының ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толықтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      7)  мақсаттар мен функциялары іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.

3 тарау. Мәслихат төрағасының мәртебесі, өкілеттігі, мемлекеттік органның мәслихат аппаратының басшысы

      17. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты қалалық мәслихат төрағасы жүзеге асырады, ол "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты .

      18. Қалалық мәслихаттың төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады.

      19. Қалалық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) қалалық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) қалалық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) қалалық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы қалалық мәслихатқа ақпарат беріп отырады;

      8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда қалалық мәслихаттың атынан өкілдік етеді;

      13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

      14) осы Заңда, регламентте және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;

      15) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      16) "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

      17) қалалық мәслихаттың төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе қалалық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      18) мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.

      20. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттігі:

      1) мәслихат аппаратының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      2) қалалық мәслихат төрағасына аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді, аппарат қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) мемлекеттік қызметшілердің жалпы өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, құжат айналымын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты бақылайды;

      5) қалалық мәслихат төрағасына аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру және сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды келіседі және ұсынады;

      6) қалалық мәслихаттың қол қоюына және қарауына шешімдердің, өкімдердің жобаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат төрағасына жолданатын құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      7) мәслихат аппаратының қызметіне қатысты құжаттарға қол қояды;

      8) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      21. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      22. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.

      23. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      25. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Павлодар қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата"

Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 27 апреля 2023 года № 27/2

      В соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата".

      2. Отменить решение XIV сессии Павлодарского городского маслихата II созыва от 19 октября 2001 года "О перерегистрации Государственного учреждения "Павлодарский городской маслихат" в Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского городского маслихата К. Кожин

  Утверждено
решением Павлодарского
городского маслихата
от 27 апреля 2023 года
№ 27/2

Положение о государственном учреждении "Аппарат Павлодарского городского маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Павлодарского городского маслихата, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжением председателя Павлодарского городского маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" утверждается решением городского маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 140000, Республика Казахстан, Павлодарская область, город Павлодар, улица Каирбаева, 32.

      Режим работы государственного учреждения:

      понедельник - пятница с 09.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      10. Полное наименование государственного органа–государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению "Аппарат Павлодарского городского маслихата" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата".

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Задачи:

      1) организационное, документационное, правовое, информационно-аналитическое обеспечение деятельности городского маслихата;

      2) обеспечение соответствия действующему законодательству решений, принимаемых городским маслихатом;

      3) обеспечение регулятивными задачами по нормативному правовому обеспечению реализации государственных функций, регистрации и ведению анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых городским маслихатом;

      4) формирование избирательных комиссий;

      5) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов городского маслихата;

      6) обеспечение информированности населения о деятельности городского маслихата;

      7) обеспечение реализации контрольных функций маслихата;

      8) усовершенствование информационных систем маслихата;

      9) обеспечение повышения квалификации и переподготовки сотрудников аппарата маслихата;

      10) обеспечение повышения квалификации депутатов городского маслихата один раз в пять лет, в течение первых двух лет полномочий вновь избранного депутата;

      11) организационное обеспечение деятельности Общественного совета.

      15. Полномочия:

      Права:

      1.1) запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, справки, отчеты, проекты решений, сведения о публикации в средствах массовой информации проектов нормативных правовых актов, заключения научных экспертиз и экспертных советов, необходимые согласования по внесенным проектам решений городского маслихата и иную документацию по вопросам повестки дня сессий и заседаний постоянных (временных) комиссий;

      1.2) привлекать работников государственных органов и иных организаций к участию в проработке вопросов, относящихся к компетенции городского маслихата, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих решений;

      1.3) направлять запросы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов и депутатских предложений;

      1.4) осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан.

      Обязанности:

      2.1) обеспечивать соблюдение регламента городского маслихата в пределах своей компетенции;

      2.2) оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь должностным лицам и государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию городского маслихата;

      2.3) обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

      16. Функции:

      1) оказание организационных, документационных, правовых, информационно-аналитических услуг депутатам городского маслихата;

      2) контроль за разработкой проектов нормативных правовых актов и иных проектов решений, вносимых на рассмотрение городского маслихата, осуществление мониторинга нормативных правовых актов, принятых городским маслихатом;

      3) определение расходов на обеспечение деятельности маслихата, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      4) организация публикаций в средствах массовой информации сведений о деятельности маслихата, публикация нормативно-правовых актов, принимаемых городским маслихатом;

      5) сбор, анализ информации, отчетов руководителей исполнительных органов, подготовка справок о результатах деятельности государственных органов, отчитывающихся о своей деятельности перед депутатами городского маслихата;

      6) наполнение официального сайта городского маслихата необходимой информацией о деятельности маслихата и обеспечение функционирования его разделов.

      7) реализация задач и функций осуществляется в пределах компетенции, установленной для государственных органов законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия председателя маслихата, руководителя аппарата маслихата государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Аппарат Павлодарского городского маслихата" осуществляется председателем городского маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" задач и осуществление им своих функций.

      18. Председатель городского маслихата является должностным лицом, работающим на постоянной основе.

      19. Полномочия председателя городского маслихата:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии городского маслихата;

      3) ведет заседание сессии городского маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам городского маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

      5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) представляет в городской маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее - Закон);

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий, иных органов маслихата и депутатских групп;

      12) представляет городской маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) выполняет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, регламентом и решением маслихата;

      15) в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников аппарата маслихата;

      16) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Аппарат Павлодарского городского маслихата" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.

      17) При отсутствии председателя городского маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий городского маслихата или депутатом городского маслихата.

      18) Аппарат маслихата возглавляет руководитель аппарата, назначаемый и освобождаемый от должности председателем городского маслихата в установленном законодательством порядке Республики Казахстан.

      20. Полномочия руководителя аппарата маслихата:

      1) осуществляет руководство работниками аппарата маслихата, организует, координирует и контролирует их работу;

      2) вносит предложения председателю городского маслихата о назначении на должность и освобождении от должности работников аппарата;

      3) обеспечивает подготовку и проведение пленарных заседаний сессий, соблюдение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении в деятельности аппарата;

      4) осуществляет руководство комиссией по установлению общего стажа государственных служащих, контролирует соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины, работу по организации документооборота;

      5) согласовывает и представляет председателю городского маслихата предложения по вопросам командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации и премирования работников аппарата;

      6) предоставляет на подпись и рассмотрение городского маслихата проекты решений, распоряжений, а также адресуемые председателю городского маслихата документы и материалы;

      7) подписывает документы, связанные с деятельностью аппарата маслихата;

      8) осуществляет контроль за административно-хозяйственной деятельностью аппарата маслихата.

      21. Руководитель аппарата маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан несет ответственность за выполнение возложенных на него обязанностей.

      22. Взаимоотношение между администрацией государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" с трудовым коллективом определяется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Трудовым кодексом Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      23. Взаимоотношения между государственным учреждением "Аппарат Павлодарского городского маслихата" и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Имущество государственного органа

      24. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат Павлодарского городского маслихата", относится к коммунальной собственности.

      26. Государственное учреждение "Аппарат Павлодарского городского маслихата" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.