Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабының 6- тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 122 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |
Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 82/9 шешімімен бекітілген |
Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 122 бұйрығына сәйкес әзiрлендi және Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағындағы тұрғындардың жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағынаудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2 - тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Павлодар ауылы аумағында өткізу үшін учаскелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі, ауыл, шағынаудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағынаудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағынауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағынауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Павлодар ауылының әкімі немесе оған уәкілеттік берген тұлға ашады.
Павлодар қаласы Павлодар ауылы әкімі немесе оған уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағынаудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Павлодар қаласы Павлодар ауылы әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.