Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Е. Иманзаипов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "22" ақпандағы № 200/1 қаулысымен бекітілген 1-қосымша |
"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделеген шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 құрылыс.
10. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00 –ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: - "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Павлодара".
12. Осы Ереже "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
15. Міндеттері:
1) заңнамаға сәйкес жетекшілік жасалатын салаларға мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) Павлодар қаласында үздіксіз тыныс-тіршілік қызметін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен қаланы көріктендіру саласындағы мәселелерді қарастыру мен шешу.
16) Өкілеттіктері:
1) құқық: "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрауға құқығы бар;
2) міндеттері: "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
17. Функциялары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты және әлеуметтік маңызы бар қалалық тасымалдауды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;
2) қалалық қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;
4) құзыреті шегінде қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ұстауға және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайына жұмыстарды ұйымдастыру;
5) қала аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеу және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну;
7) ортақ пайдаланылатын жерлерде жасыл екпелерді кесуге (қайта отырғызуға) рұқсат беру;
8) сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын әзірлеу және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын әзірлеу;
10) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу;
11) қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жасыл желектерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
12) туысы жоқ адамдарды жерлеу орындарын, қалалық зираттарды, тынымбақтарды, саябақтарды, жағажайларды күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
13) "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету;
14) "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
15) "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету;
16) "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету;
17) көшені жарықтандыру желілерін ұстау, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
18) ашық және жабық аумақтарда кеміргіштерді жою бойынша дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды, қала аумағында шыбын жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының, алқалық органдардың (болған жағдайда) мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды.
2) "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз қызмет атқарады;
3) барлық ұйымдарда "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;
4) заңнамамен белгіленген шегінде және жағдайларды "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқармасында тұрған мүлікті иеленеді;
5) шарттар жасайды;
6) қызметкерлерге сенімхаттарды береді;
7) "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлары, сынақ істері, қызметкерлерді оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша жоспарларын бекітеді;
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар береді;
9) заңнамада белгіленген тәртіпте оның құзырына жататын міндеттері "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау бойынша бұйрықтарды шығарады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
12) өз орынбасарының (орынбасарларының) және басқа жетекші қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік шеңберін анықтайды;
13) оған заңнамамен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.
"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алқалы органы жоқ.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.
25. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Павлодар қаласы әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Павлодар қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "22" ақпан № 200/1 қаулысына 2- қосымша |
Павлодар қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі "Павлодар қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 807/23 қаулысы;
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі "Павлодар қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы № 807/23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1444/6 қаулысы;
3. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 мамырдағы "Павлодар қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 805/2 қаулысы;
4. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы "Павлодар қаласының тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 2050/3 қаулысы.