Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы "Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" № 709/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28044 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 100 (жүз) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.".
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қантарнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар қалалық
мәслихаты