Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 709/2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28044 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 100 (жүз) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 11.12.2023 № 1747/2 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар қалалық

      мәслихатымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады