"Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1010/7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 38-1 бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" № 294 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 184/2 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 15 қарашадағы
№ 1010/7 қаулысына қосымша

"Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Ақсу қаласының әкімдігі бекітеді.

      7. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу".

      "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140106, Ақсу қаласы, Қанаш Қамзин ауылдық округі, Алғабас ауылы, Советов көшесі, 4А.Управлнияуправленияуправле

      8. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Управле

      9. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

      10. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Ақсу қаласының әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

      11. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      12. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттер:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      14. Функциялар:

      1) "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және қала мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      2) "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      қала әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен иелік жасауға, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.

      15. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:

      1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      4) шарттар, келісімдер жасасуға.

      16. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау.

3-тарау. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.

      18. Әкімнің өкілеттіктері:

      1) "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      2) жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      3) бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      4) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      5) ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      6) қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие алуға жәрдем көрсетеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. Әкімнің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

      20. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін әкім айқындайды.

      21. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4-тарау. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзге де тәсілмен ұстауы мүмкін.

5-тарау. "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 15 ноября 2023 года № 1010/7

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31, пункта 7 статьи 38-1 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8 статьи 18, статьи 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 294 "Об утверждении Типового положения об аппарате акима города районного значения, села, поселка, сельского округа", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу", согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Постановление акимата города Аксу от 20 марта 2019 года № 184/2 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Алгабасского сельского округа города Аксу" отменить.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Аксу Зенова М. Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Н. Дюсимбинов

  Приложение
к постановлению акимата
города Аксу от
15 ноября 2023 года
№ 1010/7

Положение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

      1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима сельского округа (далее – аким) и осуществляющим иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан в сфере местного государственного управления.

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением об аппарате акима.

      3. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" является юридическим лицом в организационно – правовой форме государственного учреждения, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      6. Положение об аппарате акима сельского округа, его структура утверждаются акиматом города Аксу.

      7. Полное наименование государственного учреждения на государственном языке: "Ақсу қаласы Қанаш Қамзин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, на русском языке: государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу".

      Местонахождение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140103, город Аксу, сельский округ Қанаш Қамзин, село Алгабас, улица Советова, 4А.венног

      8. Режим работы государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу": дни работы: понедельник – пятница, время работы с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота, воскресенье.

      9. Учредителем государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" является государство в лице акимата города Аксу Павлодарской области.осударственн

      10. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" образуется, упраздняется и реорганизуется акиматом города Аксу.

      11. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" является государственным учреждением, содержащимся за счет местного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима.

Глава 2. Основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

      13. Задачи:

      Информационно-аналитическое, организационно - правовое, материально - техническое обеспечение деятельности акима, а также решение вопросов местного значения.

      14. Функции:

      1) государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом сельского округа;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета сельского округа;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат города отчет об исполнении бюджета сельского округа;

      принимает решение о реализации бюджета сельского округа;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу сельского округа;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      2) государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом города ;

      дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      утверждает устав (положение) государственных юридических лиц местного самоуправления, внесение в него изменений и дополнений;

      определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления.

      15. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" имеет право, в пределах своей компетенции:

      1) запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      2) приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      3) пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      4) заключать договора, соглашения;

      16. Обязанности государственного учреждения "Аппарат акима Кызылжарского сельского округа города Аксу", в пределах своей компетенции:

      1) качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      2) качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, акима и акимата города, акима сельского округа;

Глава 3. Организация деятельности государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

      17. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" возглавляется акимом.

      18. Полномочия акима:

      1) организует работу государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу", осуществляет руководство его деятельностью;

      2) рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      3) принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      4) составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      5) проводит инвентаризацию жилищного фонда сельского округа;

      6) организует по согласованию с акимом города и собранием местного сообщества снос аварийного жилья сельского округа;

      7) оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      8) осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      19. Аким может иметь заместителя акима в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      20. Аким определяет обязанности и полномочия заместителя акима, в соответствиис Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      21. Аким обеспечивает соблюдение сотрудниками аппарата акима норм этики государственных служащих.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

      22. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, незапрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" относится к коммунальной собственности сельского округа (местного самоуправления).

      24. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" по согласованию с собранием местного сообщества может отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено бюджетным законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу"

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Қанаш Қамзин города Аксу" осуществляется в порядке, определяемом гражданским законодательством Республики Казахстан.