Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 28.08.2023 № 1-03/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеренариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 1-18/297 ұсынысына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесінде ұсақ қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс- шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округінің әкімі | А. Рұстемов |