Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 шілдедегі "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/07 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 1-03/11 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 379 ұсынымы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесінде ұсақ қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларын жүргізулуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 шілдедегі "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/07 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183881 болып тіркелген, 2023 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рұстемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады