Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1-03/34 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің нөмірі № 165406) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде (бұдан әрі - Ереже):
20-тармақтың 27), 29) тармақшалары алынып тасталсын;
24-тармақтың 23) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабардар етсін;
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің аппарат басшысы жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | Р. Муканов |