Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 17.06.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының 2-тарауының 4-тармағының 3) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығының 2-тармағысына сәйкес, Успен ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 19 қарашадағы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасымен, ШЕШТІМ:
1. Павлодар облысы Успен ауданының аумағында қатты желге байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ақаулы актілер жасай отырып, екпінді жел салдарынан зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
3. Коммуналдық меншіктің баланс ұстаушылары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттаманы әзірлесін және бюджеттік өтінімді "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолдасын.
4. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қалпына келтіру жұмыстарына қаражат іздесін.
5. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға және осы шешімнің орындалуына бағытталған іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мақашев |