Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Успен ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мақашев |
Успен ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "__" _______ № _____ қаулысымен бекітілді |
Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ) Успен ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30.
10. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел земельных отношений" Успенского района.
12. Мемлекет Успен ауданының әкімдігі тұлғасында Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
14. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты, қызметтінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты: Успен ауданында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттын жүргізу.
17. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің мәні: ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
18. Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер заңнамасын облыстық, аудандық өкілді және атқарушы органдардың жерді қорғауды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін қамтамасыз ету және орындау.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1-1) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде сұрату және алу;
1-2) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына және жоғары тұрған ұйымдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастыру қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
1-3) аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
1-4) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2-2) мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға сапалы көрсету;
2-3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
2-4) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
2-5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және функционалдық міндеттеріне қайшы келмейтін жер қатынастары мәселелері бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
20. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
21) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
22) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу;
23) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету;
24) жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп пен есептілікті жүргізу;
25) бөлімнің әскери міндеттілерінің әскери есебін жүргізу;
26) белгіленген тәртіппен құжат айналымы, құжаттарды сақтау және мұрағатқа тапсыру жүйесін ұйымдастыру және сақтау;
27) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
28) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
29) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;
30) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
31) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну.
3-тарау. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
22. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
23. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
24. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;
2) заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;
8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
9) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкелерін іссапарға жібереді;
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
11) Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.
Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4-тарау. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі
28. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ-де бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату
31. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қаңағаттадырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.