"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Галкино ауылы халқының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 23 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округі Галкино ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
"Ленина" көшесі "Ғабдул-Уахит хазірет" көшесіне;
"1 мая" көшесі "Аманат" көшесіне;
"Степное" көшесі "Қажымұқан" көшесіне;
"Совхозная" көшесі "Алаш" көшесіне.
2. Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округі Галкино ауылының "Джамбула" көшесі атауының транскрипциясы "Жамбыл" көшесіне өзгертілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешімоның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Галкино ауылдық округінің әкімі | Д. Нурсеитов |