Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.07.2024 № 3/410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қалалық көлік қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі жолаушының бір сапары үшін 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |