Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.07.2024 № 3/410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) шекті деңгейі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |