Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 тамыздағы № 491 бұйрығы

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетін атқарушы
Т. Сұлтанғазиев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2023 жылғы "___" _______________
№ _____бұйрығына
қосымша

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақы алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақысын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақы алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек)көрсету сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) жарналар – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      5) комиссиялық сыйақы – қордың активтерінен алынған және оның қызметін қамтамасыз етуге бағытталатын қорға сыйақы;

      6) қордың активтері – қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және (немесе) жарналар, аударымдарды және жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;

      7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

2-тарау. Комиссиялық сыйақыны алу тәртібі

      3. Комиссиялық сыйақы инвестициялық қызметтен түскен және қате төленген МӘМС аударымдарды, жарналарды және МӘМС аударымдарын, жарналарын уақтылы, толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қоспағанда уәкілетті орган ағымдағы жылға бекіткен пайыздық мөлшерлемені қолдана отырып, есепті кезеңде түскен қор активтерінен есептеледі.

      4. Қорға тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын есептеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын, есептелген айдан кейінгі айдың 12 (он екінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

      5. Қаржы жылының соңғы айы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есептеу және алу бұрын алынған сомалар ескеріле отырып, қордың ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарына сәйкес жылдық кірістер жоспарының ай сайынғы және бекітілген сомасы шегінен аспайтын сомада жүргізіледі.

      6. Комиссиялық сыйақы сомасын алу оны қор активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттан операциялық қызмет үшін екінші деңгейдегі банктердегі қордың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

  Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорының
комиссиялық сыйақы
алу қағидаларына
қосымша
  нысан

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін комиссия сомасын есептеу ________ 202__ жылғы

р/с

Көрсеткіштер

Сомасы, теңгемен

1.

Қор активтерінің айдың басынан бергі кезеңдегі түсімдері, оның ішінде:


1.1.

жұмыс берушілердің аударымдары


1.2.

мемлекет жарналары


1.3.

жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарналары


1.4.

аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл


1.5.

жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл


2.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтері түсімдерінің жиынтық сомасы
202__ ж._____


3.

Инвестициялық кірістердің түсуі


4.

Қор активтеріне түсетін жиынтық түсім (2 бет+3 бет)


5.

Қате төленген аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы, толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару 202___ ж ______.


6.

202__ жылғы ___________________ комиссиялық сыйақыны есептеу үшін қор активтерінің сомасы
(4 бет - 3 бет – 5 бет)


7.

Үкіметтің қаулысымен белгіленген комиссиялық сыйақының шекті ставкасы 202__ жылғы ___ _______ №, %


8.

202 __жылғы____ белгіленген комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі, %


9.

Бекітілген ставка бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу (6 бет х 8 бет)


10.

202___ жылғы __________ комиссиялық сыйақы есептелді *


11.

Аударуға комиссиялық сыйақы, барлығы


11.1

________________________банктегі ағымдағы шотқа


      * Қаржы жылының соңғы айы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есептеу және алу Қордың ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарына сәйкес жылдық кіріс жоспарының бекітілген сомасы шегінде жүргізіледі

Об утверждении Правил взимания комиссионного вознаграждения фондом социального медицинского страхования

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 августа 2023 года № 491

      В соответствии с подпунктом 5-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила взимания комиссонного вознаграждения фондом социального медицинского страхования, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту корпоративного развития Министерства здравоохранения Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня принятия настоящего приказа обеспечить:

      1) направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
обязанности Министра
Т. Султангазиев

  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от _________ 2023 года
№ _____

Правила взимания комиссионного вознаграждения фондом социального медицинского страхования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взимания комиссионного вознаграждения фондом социального медицинского страхования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании" (далее – Закон) и определяют порядок взимания комиссионного вознаграждения фондом социального медицинского страхования.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) отчисления – деньги, уплачиваемые работодателями за счет собственных средств в фонд социального медицинского страхования, дающие право потребителям медицинских услуг, за которых осуществлялась уплата отчислений, получать медицинскую помощь в системе обязательного социального медицинского страхования;

      2) фонд социального медицинского страхования (далее – фонд) – некоммерческая организация, производящая аккумулирование отчислений и взносов, а также осуществляющая закуп и оплату услуг субъектов здравоохранения, оказывающих медицинскую помощь в объемах и на условиях, предусмотренных договором закупа медицинских услуг, и иные функции, определенные законами Республики Казахстан;

      3) уполномоченный орган в области здравоохранения далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области охраны здоровья граждан Республики Казахстан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, санитарно-эпидемиологического благополучия населения, обращения лекарственных средств и медицинских изделий, качества оказания медицинских услуг (помощи);

      4) взносы – деньги, уплачиваемые в фонд плательщиками взносов, указанными в пункте 2 статьи 14 Закона, и дающие право потребителям медицинских услуг получать медицинскую помощь в системе обязательного социального медицинского страхования;

      5) комиссионное вознаграждение – вознаграждение фонду, полученное от активов фонда, и направляемое на обеспечение его деятельности;

      6) активы фонда – отчисления и взносы, пеня, полученная за просрочку уплаты отчислений и (или) взносов, инвестиционный доход, за минусом комиссионного вознаграждения на обеспечение деятельности Фонда, а также иные поступления в фонд, не запрещенные законодательством Республики Казахстан;

      7) обязательное социальное медицинское страхование (далее – ОСМС) – комплекс правовых, экономических и организационных мер по оказанию медицинской помощи потребителям медицинских услуг за счет активов фонда социального медицинского страхования.

Глава 2. Порядок взимания комиссионного вознаграждения

      3. Комиссионное вознаграждение рассчитывается от активов фонда, поступивших за отчетный период за минусом поступлений от инвестиционной деятельности и возвратов ошибочно уплаченных отчислений, взносов на ОСМС и пени за несвоевременную, неполную уплату отчислений, взносов на ОСМС, с применением утвержденной уполномоченным органом процентной ставки на текущий год.

      4. Расчет суммы причитающегося фонду комиссионного вознаграждения производится ежемесячно, в срок не позднее 12 (двенадцатого) числа месяца, следующего за месяцем начисления, по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Начисление и взимание суммы комиссионного вознаграждения за последний месяц финансового года производится в сумме, не превышающей ежемесячной, и в пределах утвержденной суммы годового плана доходов согласно плану развития фонда на текущий финансовый год с учетом ранее изъятых сумм.

      6. Взимание суммы комиссионного вознаграждения осуществляется путем перевода ее со счета, открытого в Национальном банке Республики Казахстан, на котором размещены активы фонда, на текущие счета фонда в банках второго уровня для операционной деятельности.

  Приложение
к Правилам взимания
комиссионного вознаграждения
фондом социального
медицинского страхования
  форма

Расчет суммы причитающегося фонду социального медицинского страхования комиссионного вознаграждения за ________________ 202__ года

№ п/п

Показатели

Сумма, в тенге

1.1.

Поступления активов фонда за период с начала месяца, в том числе:


1.1.1.1.

отчисления работодателей


1.2.1.2.

взносы государства


1.3.1.3.

взносы индивидуальных предпринимателей, частных нотариусов, частных судебных исполнителей, адвокатов, профессиональных медиаторов, физических лиц, получающих доходы по договорам гражданско-правового характера


1.4.1.4.

пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений


1.5.1.5.

пени за несвоевременную и (или) неполную уплату взносов


2.2.

Итого сумма поступлений активов обязательного социального медицинского страхования за _____ 202__ г.


3.3.

Поступление инвестиционного дохода


4.4.

Всего поступлений в активы фонда (стр 2+стр 3)


5.5.

Возврат ошибочно уплаченных отчислений, взносов на обязательное социальное медицинское страхование и пени за несвоевременную, неполную уплату отчислений, взносов на обязательное социальное медицинское страхование за ______ 202___ г.


6.6.

Сумма активов фонда для расчета комиссионного вознаграждения за ___________________202__года
(стр4 –стр3 - стр5)


7.7.

Предельная ставка комиссионного вознаграждения, установленная Постановлением Правительства от ___ _______202__ года №, %


8.8.

Ставка комиссионного вознаграждения, установленная на __202____год , %


9.9.

Расчет комиссионного вознаграждения по утвержденной ставке
(стр6 х стр8)


10.

Начислено комиссионное вознаграждение за __________202___ года*


11.

Комиссионное вознаграждение к перечислению, всего


11.1

на текущий счет в _____________банке


      * Начисление и взимание суммы комиссионного вознаграждения за последний месяц финансового года производится в пределах утвержденной суммы годового плана доходов согласно плану развития Фонда на текущий финансовый год