"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Т. Сұлтанғазиев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы "___" _______________ № _____бұйрығына қосымша |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақы алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақысын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен комиссиялық сыйақы алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек)көрсету сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жарналар – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
5) комиссиялық сыйақы – қордың активтерінен алынған және оның қызметін қамтамасыз етуге бағытталатын қорға сыйақы;
6) қордың активтері – қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және (немесе) жарналар, аударымдарды және жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
2-тарау. Комиссиялық сыйақыны алу тәртібі
3. Комиссиялық сыйақы инвестициялық қызметтен түскен және қате төленген МӘМС аударымдарды, жарналарды және МӘМС аударымдарын, жарналарын уақтылы, толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қоспағанда уәкілетті орган ағымдағы жылға бекіткен пайыздық мөлшерлемені қолдана отырып, есепті кезеңде түскен қор активтерінен есептеледі.
4. Қорға тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын есептеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын, есептелген айдан кейінгі айдың 12 (он екінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
5. Қаржы жылының соңғы айы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есептеу және алу бұрын алынған сомалар ескеріле отырып, қордың ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарына сәйкес жылдық кірістер жоспарының ай сайынғы және бекітілген сомасы шегінен аспайтын сомада жүргізіледі.
6. Комиссиялық сыйақы сомасын алу оны қор активтері орналастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған шоттан операциялық қызмет үшін екінші деңгейдегі банктердегі қордың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін комиссия сомасын есептеу ________ 202__ жылғы
р/с | Көрсеткіштер | Сомасы, теңгемен |
1. | Қор активтерінің айдың басынан бергі кезеңдегі түсімдері, оның ішінде: | |
1.1. | жұмыс берушілердің аударымдары | |
1.2. | мемлекет жарналары | |
1.3. | жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың жарналары | |
1.4. | аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл | |
1.5. | жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл | |
2. |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтері түсімдерінің жиынтық сомасы | |
3. | Инвестициялық кірістердің түсуі | |
4. | Қор активтеріне түсетін жиынтық түсім (2 бет+3 бет) | |
5. | Қате төленген аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы, толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару 202___ ж ______. | |
6. |
202__ жылғы ___________________ комиссиялық сыйақыны есептеу үшін қор активтерінің сомасы | |
7. | Үкіметтің қаулысымен белгіленген комиссиялық сыйақының шекті ставкасы 202__ жылғы ___ _______ №, % | |
8. | 202 __жылғы____ белгіленген комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі, % | |
9. | Бекітілген ставка бойынша комиссиялық сыйақыны есептеу (6 бет х 8 бет) | |
10. | 202___ жылғы __________ комиссиялық сыйақы есептелді * | |
11. | Аударуға комиссиялық сыйақы, барлығы | |
11.1 | ________________________банктегі ағымдағы шотқа |
* Қаржы жылының соңғы айы үшін комиссиялық сыйақы сомасын есептеу және алу Қордың ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарына сәйкес жылдық кіріс жоспарының бекітілген сомасы шегінде жүргізіледі