Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 08.01.2024 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың біліктіліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 07 қарашадағы № 9 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 07 қарашадан бастап туындыған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі | С. Мұхамедиев |