Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 31 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 08.01.2024 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың біліктіліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 07 қарашадағы № 9 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 07 қарашадан бастап туындыған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қала әкімі С. Мұхамедиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады