Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, 1-тармағының 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 18-1 бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
3. "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заң бөлімі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | Р. Аңбаев |
Петропавл қаласы | |
әкімдігінің 2023 жылғы | |
№ 497 "21" сәуірдегі | |
қаулысымен бекітілген |
"Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздер мен айырым белгілері (олар болған кезде), өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.
10. Осы Ереже "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
13. Егер "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы есептілікті қалыптастыру;
5) өткізілген сатып алулардың мониторингін жүзеге асыру;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасымен, Бюджет кодексімен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Өкілеттіктері:
1) құқығы:
- мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
- өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
- қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
- жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
- қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
16. Функциялары:
1) тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы өткізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
2) бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;
4) қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;
5) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға болып табылатын жағдайларды қоспағанда, конкурс немесе аукцион өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін, сондай-ақ бірыңғай ұйымдастырушы ретінде конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушімен келісу;
6) тапсырыс берушімен әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын келісу;
7) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;
8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
9) біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу;
10) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;
11) заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
12) мемлекеттік сатып алу бойынша мониторингін жүргізу және есебін алу.
13) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру;
14) "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
15) бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген мемлекеттік сатып алуды жүргізу.
16) "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктерін іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік органдар үшін белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Петропавл қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;
3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Еңбек Кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
7) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
8) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
"Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Азаматтық Кодексте және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
21. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Азаматтық Кодекске және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
__________________________________________________________