Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа еңгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 04.10.2024 № 8-20-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2024 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін":
1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада келген мамандар үшін бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы |
Г. Әбілқайырова |