"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі | С. Мұхамедиев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
2023 жылғы 3 мамырдағы № 93 | |
қаулысымен бекітілді |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) өз құзыреті шегінде Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру мәселелері бойынша мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті атқарушы органдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сәулет, құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бөлім ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлімге мемлекеттік басқару саласындағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
3) жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау болып табылады;
5) елді мекендердің шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
14. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
1-1) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен, азаматтармен келісім бойынша Бөлім алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрату және алу;
1-2) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
1-3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерде дербес немесе басқа атқарушы органдармен бірлесіп ауданның салалық даму бағдарламаларын әзірлеу;
1-4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
1-5) аудан әкімдігіне сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегияның мақсаттары, басымдықтары бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;
1-6) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағындағы құрылыс және қайта жаңарту объектілеріне белгіленген тәртіппен бару;
1-7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысу;
1-8) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
2-2) бөлімге жүктелген міндеттерді және функцияларды орындау;
2-3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
15. Функциялар:
1) сәулет және қала құрылысы саласында:
1-1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
1-2) экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;
1-3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
1-4) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындарын жоспарланып отырған құрылыс немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы хабарлап отыру;
1-5) аудандық маңызы бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу), сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
1-6) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;
1-7) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
1-8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
1-9) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
1-10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру;
1-11) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
1-12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
1-13) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
1-14) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
1-15) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңында белгіленген құзыреті шегінде және тәртіппен сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
1-16) объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау;
1-17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін сәулет және құрылыс саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:
2-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
2-2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
2-3) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;
2-4) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;
2-5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолдану;
2-6) жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз ету;
2-7) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;
2-8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
2-9) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
2-10) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету;
2-11) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;
2-12) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асыру;
2-13) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлеу;
2-14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2-15) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;
2-16) елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілеріне дейін аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
2-17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
2-18) коммуналдық меншіктегі жолдарды басқару;
2-19) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан шегінде аудандық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2-20) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
2-21) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
2-22) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
2-23) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
2-24) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
2-25) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
2-26) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңында белгіленген құзыреті шегінде және тәртіппен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
2-27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктері мен функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Бөлім басшысының лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
17. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүдделерін өкілдік етеді;
2) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
3) бөлімде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
4) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады;
5) Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
7) құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және әкіміне нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды қарауға ұсынады;
8) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды, босатады, қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
10) өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
12) бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Бөлімнің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
21. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қайта ұйымдастыру және қысқарту
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.