"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі | Р. Аңбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
аудан әкімдігінің | |
2023 жылғы 7желтоқсандағы | |
№ 281 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты және насихаттауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай Хан көшесі, 11В.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды шоғырландыру;
2) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) діни бірлестіктермен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен сындарлы өзара іс-қимылды нығайту;
4) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) ауданда мемлекеттің тіл саясатын іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
құқықтары:
1) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, барлық меншік нысанындағы мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;
3) тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға құқылы;
4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдіктің, аудан әкімінің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына ұсыныстар енгізуге;
5) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
6) орталық, облыстық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы.
міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауға міндетті;
2) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға міндетті;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға міндетті;
4) белгіленген тәртіппен салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
15. Функциялары:
1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
2) мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) ішкі саясат саласындағы тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды шоғырландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
4) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
5) аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс істеу, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мониторингін жүзеге асыру;
6) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтанулық және саясаттанулық зерттеулер жүргізу;
7) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу саласындағы жұмысты үйлестіру;
8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі, құқық қорғау және басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс істеу, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында халықпен, оның ішінде оппозициялық бағыттағы профилактикалық жұмыс жүргізу;
9) ауданда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шараларды ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындауды және жариялауды қамтамасыз ету;
10) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру: іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жоспарға сәйкес жоспарланған іс-шаралардың техникалық ерекшеліктерін әзірлеу, порталда орналастыру, жеңімпаздармен жұмыс;
12) саяси партиялармен, ұлттық - мәдени бірлестіктермен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;
13) жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүліктің құрамы, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
14) мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды және жеке тұлғалардың "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
15) діни, жастар саясаты, қоғамдық-саяси ахуал мәселелері жөніндегі Бөлімнің ағымдағы және келешектік жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету;
16) шетелде діни білім алатын студенттер туралы мәліметтер базасын қалыптастыру;
17) аудандық діни ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастыру;
18) білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттау топтарымен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, ағартушылық, түсіндіру жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру;
19) аудан аумағында құрылған діни бірлестіктердің қызметін зерделеу және талдау;
20) рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, мешіттердің және ауданның басқа да діни-ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жұмысына мониторинг жүргізу;
21) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни рәсімдерді өткізуге арналған үй-жайлардың қызметін жүргізу;
22) қоғамдық, демалыс бірлестіктерімен, жастар ісі жөніндегі ұйымдармен жұмыс істеу, ауданда жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеу, жастармен жұмысты үйлестіру;
23) жоғары тұрған органдардың жастар саясатына қатысты тапсырмаларын, бағдарламаларын орындау;
24) аудандағы діни қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі;
25) ауданда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс істеу;
26) діни қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында халықпен, дұға кітаптарымен, оның ішінде деструктивті бағыттағы алдын алу жұмыстарын жүргізу;
27) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізу;
28) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру, комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу;
29) аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;
30) ардагерлер қоғамымен және мүгедектігі бар адамдармен, саяси партиялармен жұмыс;
31) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын насихаттауды қамтамасыз ету, құжаттама жүргізу, облыстық ішкі саясат басқармасын ай сайын хабардар ету;
32) ауданның мәдениет үйлерінің, клубтардың, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысы басқармасы;
33) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс жұмысы саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
34) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
35) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар мен конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
36) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
37) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша ұсыныстар беру;
38) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және жәрдем көрсету;
39) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
39-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
40) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың транскрипциясын облыстық ономастика комиссиясына және ауданның ономастика объектілерінің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына өзгерту туралы ұсыныс енгізу;
41) жоғары тұрған органдарға мәліметтерді, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді, ақпаратты уақтылы ұсыну.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 09.02.2024 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3 тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Бөлім басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басқарады;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Бөлім атынан бұйрықтар шығарады, шарттар жасасады және қол қояды;
5) Бөлім туралы ережені әзірлейді және бекітуге дайындайды;
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде Бөлімнің штат кестесін және тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) аудан әкімі аппараты мен облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы алдында Бөлімнің жұмысы туралы есеп береді;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
9) Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
19. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оның орынбасары жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.