Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 281 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 14 қаулысы

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 281 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағы келесі мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген толықтыру туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарына хабардар етуді қамтамасыз етілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі
Р. Аңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады