Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, сәйкес Николаевка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:
Советская көшесін – Баян - батыр көшесіне;
Ленин көшесін - Достық көшесіне;
Пролетарская көшесін - Есіл көшесіне;
Киров көшесін - Ботай көшесіне;
Автобаза көшесін – Мәншүк Мәметова көшесіне;
СМУ көшесін - Әлия Молдағұлова көшесіне;
Заготзерно көшесін – Алтын дән көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Николаевка ауылдық округінің әкімі | Н. Сапраров |