Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 28 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, сәйкес Николаевка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Николаевка ауылдық округі Николаевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:

      Советская көшесін – Баян - батыр көшесіне;

      Ленин көшесін - Достық көшесіне;

      Пролетарская көшесін - Есіл көшесіне;

      Киров көшесін - Ботай көшесіне;

      Автобаза көшесін – Мәншүк Мәметова көшесіне;

      СМУ көшесін - Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Заготзерно көшесін – Алтын дән көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Николаевка ауылдық округінің әкімі Н. Сапраров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады