"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2/2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қайта аталуы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/6 шешімінің күші жойылсын.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуі жүргізілсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының төрағасы
Ж. Кәрімова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2023 жылғы 7 сәуірдегі
  № 2/2 шешіміне
  қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мәслихат аппараты) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының (одан әрі – аудандық мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 5 үй.

      10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) аудандық мәслихаттың ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету;

      2) өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда депутаттарға көмек көрсету;

      3) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

      5) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

      6) аудандық мәслихат депутаттарының материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

      7) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың бағыттарын қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары: белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау; депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жіберу; аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру; қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; аудандық мәслихатқа келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      2) міндеттері: өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету; ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу; аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының және оның органдарының қызметiн ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) мәслихаттың аудандық мәслихат бекіткен жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

      3) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын және жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну;

      4) аудандық мәслихат шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және аудандық мәслихат төрағасы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      5) аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және заңды сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайда әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жіберу;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі қайталауларды, олқылықтарды, ескірген және сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын талдау, іске асыру тиімділігі және анықтау мақсатында құқықтық мониторингті жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда және тәртіппен аудандық мәслихаттың шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      8) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау, талдау, аудандық мәслихат депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

      9) аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың, сессиялар шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуын талдау және бақылау, аудандық мәслихат сессияларында және тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарау үшін олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындау;

      10) аудандық мәслихаттың және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;

      11) аудандық мәслихат депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық мәслихаттың ресми веб-сайтында аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпарат орналастыру;

      12) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутат сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақытында қарастыру және жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асыру;

      13) аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды анықтау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өтуі, іссапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      14) кадр жұмыстарын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, оны жүзеге асыруға қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және Үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізу;

      15) іс жүргізу жұмыстарын, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, архивке тапсыру үшін, соның ішінде мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақтылы тіркеу, сақтау және әзірлеу;

      16) Мәслихат аппаратына және аудандық мәслихатқа келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық өтініштерін аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауынан қарау, оларды бақылау және талдау.

3-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратын басқаруды бірінші басшысы болып келетін аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады және Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      18. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.

      19. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттық сауалдар мен өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

      8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтарының қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады;

      13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады не болмаса алып тастайды;

      15) мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады. Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе депутаты уақытша жүзеге асырады.

      20. Аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес белгілейді.

      21. Мәслихат аппаратының алқалы органдары жоқ.

4-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      23. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше қарастырылмаса, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратының оның қарауындағы ұйымдары жоқ.

      Мәслихат аппаратының оның қарауындағы аумақтық органдары жоқ. Мәслихат аппаратының оның қарауындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.

Об утверждении положения коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 7 апреля 2023 года № 2/2

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 79 Типового регламента маслихата, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан "Об утверждении Типового регламента маслихата" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести изменения и дополнения в положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      2. Утвердить Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      3. Отменить решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2017 года № 12/6 "О переименовании государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      4. Произвести государственную регистрацию внесенных изменении и дополнении в положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" в регистрирующем органе.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Ж. Каримова

  Приложение
  к решению маслихата
  Мамлютского района
  Северо-Казахстанской области
  от 7 апреля 2023 года № 2/2

Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" (далее – Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области (далее – районный маслихат), его органов и депутатов.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5 Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя районного маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждается в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 150900, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, Мамлютский район, город Мамлютка, улица А. Кунанбаева, дом № 5.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

Глава 2. Задачи и полномочия коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

      13. Задачи:

      1) обеспечение организационной и сессионной деятельности районного маслихата;

      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

      3) обеспечение принятия на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) нормативное правовое обеспечение реализации государственных функций, регистрация и ведение анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых районным маслихатом;

      5) обеспечение информированности населения о деятельности районного маслихата в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации";

      6) материально-техническое обеспечение деятельности депутатов районного маслихата;

      7) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об общественных советах";

      8) обеспечение направлений предложений на повышение квалификации депутатов районного маслихата, связанных с осуществлением депутатских полномочий и планирование расходов на повышение квалификации депутатов районного маслихата в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права: запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, справки, отчеты, проекты решений, сведения о публикации в средствах массовой информации проектов нормативных правовых актов, заключения экспертных советов, необходимые согласования по внесенным проектам решений районного маслихата и иную документацию по вопросам повестки дня сессий и заседаний постоянных (временных) комиссий; направлять запросы, предложения, жалобы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации депутатских запросов и предложений; привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение районного маслихата и его постоянных комиссий, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих решений; осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан; осуществлять контроль за сроками и результатом рассмотрения обращений юридических и физических лиц, поступивших в районный маслихат;

      2) обязанности: обеспечивать соблюдение Регламента районного маслихата в пределах своей компетенции; не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики; оказывать консультативно – методическую, информационную, организационно – техническую и иную помощь государственным органам и должностным лицам по вопросам, входящим в компетенцию районного маслихата; обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан.

      15. Функции:

      1) осуществление информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности районного маслихата и его органов, оказания помощи депутатам в осуществлении их полномочий, в соответствии с Регламентом районного маслихата;

      2) обеспечение подготовки и проведения сессии районного маслихата на основе Плана работы маслихата, утвержденного районным маслихатом, а также по вносимым вопросам постоянными комиссиями и иными органами маслихата, депутатскими группами и депутатами, акимом района;

      3) осуществление подготовки заседаний постоянных комиссий, публичных слушаний и рабочих поездок, анализ, обобщение и своевременное предоставление членам постоянных комиссий материалов по существу рассматриваемых вопросов;

      4) осуществление контроля за соответствием действующему законодательству Республики Казахстан решений районного маслихата, постановлений постоянных комиссий маслихата и распоряжений председателя районного маслихата;

      5) участие в разработке и обеспечение проведения юридической экспертизы нормативных правовых актов районного маслихата, а также направление их на государственную регистрацию в органы юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;

      6) осуществление правового мониторинга, в целях анализа, эффективности реализации и выявления дублирований, пробелов, устаревших и коррупциогенных норм права в нормативных правовых актах, принятых районным маслихатом в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      7) в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечение опубликования решений районного маслихата в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации;

      8) сбор, анализ информации, отчетов руководителей исполнительных органов, подготовка справок о результатах деятельности государственных органов, отчитывающихся о своей деятельности перед депутатами районного маслихата;

      9) анализ и контроль исполнения решений сессий, постановлений постоянных комиссий, замечаний и предложений, высказанных на сессиях и заседаниях постоянных комиссий районного маслихата, подготовка информации о ходе их реализации для рассмотрения на сессии районного маслихата и заседаниях постоянных комиссий;

      10) формирование протоколов и материалов сессий районного маслихата и других заседаний его органов;

      11) обеспечение открытости и публичности работы депутатов районного маслихата, размещение в средствах массовой информации, на официальном веб-сайте районного маслихата информации о деятельности районного маслихата, его органов и депутатов;

      12) содействие депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказание консультативной и методической помощи, осуществление контроля за своевременностью рассмотрения и реализацией запросов, предложений и замечаний депутатов;

      13) определение расходов на обеспечение деятельности районного маслихата, прохождение повышения квалификации депутатов, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      14) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Указов Президента и постановлений Правительства Республики Казахстан, принятых в его реализацию, Трудового кодекса Республики Казахстан;

      15) организация и ведение делопроизводства, а также специальной связи, своевременная регистрация, хранение и подготовка документов для передачи в архив, в том числе через информационные системы Аппарата маслихата;

      16) рассмотрение письменных, электронных обращений, с личного приема председателя районного маслихата граждан и юридических лиц, поступающих в Аппарат маслихата и районный маслихат, их контроль и анализ.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

      16. Руководство Аппаратом маслихата осуществляется председателем районного маслихата, который является первым руководителем и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.

      17. Председатель районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      18. Председатель районного маслихата не имеет заместителей.

      19. Полномочия председателя районного маслихата:

      1) организует подготовку сессии районного маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии районного маслихата;

      3) ведет заседания сессии районного маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам районного маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение депутатских запросов и обращений;

      6) руководит деятельностью Аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в районный маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие районного маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов районного маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов районного маслихата, и депутатских групп;

      12) представляет районный маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений районного маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) в соответствии с действующим законодательством и в пределах своей компетенции поощряет, налагает либо снимает дисциплинарные взыскания на сотрудников Аппарата маслихата;

      15) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Аппарате маслихата и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер. При отсутствии председателя районного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий или депутатом районного маслихата.

      20. Председатель районного маслихата определяет полномочия руководителя аппарата маслихата в соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственной службе Республики Казахстан" и другими законодательными актами Республики Казахстан.

      21. Аппарат маслихата не имеет коллегиальных органов.

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

      22. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата относится к коммунальной собственности.

      24. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

      25. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Аппарат маслихата не имеет организации, находящиеся в его в ведении.

      Аппарат маслихата не имеет территориальные органы, находящиеся в его в ведении.

      Аппарат маслихата не имеет государственные учреждения, находящиеся в его в ведении.