"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 265 қаулысымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Ереженің 15-тармағы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әділет органдарында Ережеге енгізілген өзгерісті тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "20" ақпандағы № 35
  қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгеріс тізбесі

      "Функциялар" 15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      1) үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттерге және ауылдық округтер бюджеттеріне түсетін түсімдерді болжау;

      2) аудандық бюджеттік бағдарламалардың және ауылдық округтердің бюджеттері шығыстарының лимиттерін, жоспарлы кезеңге жаңа бастамалардың лимиттерін айқындау және оны әкімшілерге жеткізу;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкестігін қарау;

      4) жоспарлы кезеңге арналған аудандық және ауылдық округтер бюджеттерінің жобасын әзірлеу және сәйкесінше қаржылық жылға арналған аудандық бюджетті және ауылдық округтер бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) аудандық бюджеттің жобасын және ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын (аудандық бюджетке және ауылдық округтер бюджетіне өзгерістер енгізу) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу және қарау нәтижелері бойынша оны түзету;

      6) үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындау кезінде ауылдық округтер бюджетінің болжамды параметрлерін есептеу;

      7) аудандық бюджетті және ауылдық округтер бюджетін бекіту туралы, көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредиттің мөлшері туралы, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жалақының жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы, аудандық бюджетті және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы, өз құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін дайындау;

      8) бюджет мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін іске асыру туралы, оның ішінде объектілер шегінде инвестициялық жобаларды қоса ала отыра басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесін әзірлеу, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық елді мекендерінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      9) аудандық бюджет және бөлім құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша баяндамалар, түсіндірме жазбалар, ақпараттық-талдау материалдары мен анықтамалар дайындау;

      10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау;

      12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      13) "Азаматтық бюджетті", аудан бюджетін және ауылдық округ бюджеттерін әзірлеу және орналастыру;

      14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 990 "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ақпаратты дайындау;

      15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № ҚР ДСМ-50, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 56/НҚ бұйрығымен "Елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығына сәйкес ауылдық елді мекендердің мониторингін жүргізу;

      16) "Ауылдық елді мекендерді анықтау үшін критерилерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығына сәйкес перспективалық кластерлерді айқындау әдістемесі бойынша тірек, спутниктік және шекаралас ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау;

      17) бес жылдық кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлейді;

      18) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізу;

      19) аудан әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық және жиынтық есептерді дайындау (құзыреті шегінде);

      20) депутаттардың, аудандық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық басқармаларының сұрауларына жауаптар (жауап жобаларын) дайындау (құзыреті шегінде);

      21) аудан бюджетін жоспарлау және атқару, ауданның коммуналдық меншігін басқару саласында аудан әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      22) Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалатын тәртіпте төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      23) төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, оның ішінде жылдық сомаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді және оларды аумақтық Қазынашылық органдарына ұсынады;

      24) аудан бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын қамтамасыз ету;

      25) бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;

      26) мiндеттемелердiң уақтылы қабылданбауының, бюджеттiк бағдарламалар бойынша төлемдердiң уақтылы түспеуiнiң себептерiн анықтау, аудан бюджетiнiң түсімдері мен шығыстарының атқарылуына болжам жасау мақсатында аудан бюджетiнiң атқарылуына күн сайынғы және ай сайынғы мониторингтi жүзеге асырады;

      27) жергілікті масштабтағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен ақша бөлу туралы қолдаухатты қарау, сондай-ақ төтенше жағдайдағы құқықтық режимді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу;

      28) заңнамада белгіленген тәртіппен ауданның жергілікті атқарушы органына әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу және/немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды өткізу туралы қаулы жобасын енгізу;

      29) "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну;

      30) қарыз алушылардың бюджеттік кредиттерді пайдалануы мен өтеуіне мониторинг жүргізу;

      31) бюджет заңнамасында айқындалған органдарға есепті қаржылық жылдағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну;

      32) "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарндың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына, "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына сәйкес бюджеттік есептілікті, аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әзірлеу және ұсыну, аудандық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін құру;

      33) "Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына сәйкес "Ашық бюджеттер" порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру, "Ашық бюджеттер" порталында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақпаратты орналастыруына мониторинг жүргізу;

      34) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелеріне талдау жасау;

      35) өткен қаржы жылында нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асыру;

      36) аудандағы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      37) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды, әкімшісі "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын қалыптастыруды, бекітуді және орындауды қамтамасыз ету;

      38) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ мемлекеттік сатып алуы бойынша есептілікті құру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;

      39) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ ақпараттық ресурс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      40) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      41) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау шараларын жүзеге асыру, аудандық коммуналдық меншікті тиімді және ұтымды пайдалану мен сақтау мәселелері бойынша жұмыс жүргізу;

      42) аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастыру, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      43) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін сәйкестендіру;

      44) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлесі бар тізімін жүргізу, осы ұйымдардағы мүлікті түгендеу және есепке алу;

      45) шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгiнiң, сондай-ақ қазыналық кәсiпорындардың сметалық есептен тыс алынған кiрiстерiнiң уақтылы, толық есептелуi мен аударылуын бақылауды жүзеге асыру;

      46) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) аудандық коммуналдық меншігіне жататын акциялар бойынша дивидендтерді (қатысу үлестеріне таза кірістің бір бөлігін) аудандық бюджет кірісіне есептеу мен аударудың уақтылы және толықтығын бақылауды жүзеге асыру;

      47) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне тоқсан сайынғы мониторингті жүзеге асыру;

      48) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын әзірлеуге бақылауды жүзеге асыру;

      49) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;

      50) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;

      51) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, коммуналдық меншікке айналдырылған (қабылданған) аудандық коммуналдық мүлікті мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке берілген, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз берілген иеліктен шығарылған мүлік, табылған заттар, қаңғыбас жануарлар, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

      52) жылжымайтын мүлікті иесіз ретінде есепке қою;

      53) жылжымайтын мүлікті иесіз және коммуналдық меншікке түскен ретінде тану туралы сотқа талап арыз беру;

      54) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негіздегі құқығымен мүліктік жалға беру (жалдау), сенімгерлік басқаруға беру;

      55) мүліктік жалға алу (жалдау) шарттарын, аудандық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруды, өз құзыреті шегінде өзге де шарттарды жасау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      56) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жалға алушылардың, аудандық коммуналдық меншік объектілерінің сенімгерлік басқарушыларының мүліктік жалдау, сенімгерлікпен басқару, өзге де шарттар бойынша міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      57) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық меншікке мүлікті, оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктің аудандық деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесті, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін коммуналдық меншіктің облыстық деңгейіне беруді жүзеге асыру;

      58) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүлікті, оның ішінде облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және коммуналдық меншіктің облыстық деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесін, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аудандық деңгейдегі коммуналдық меншікке қабылдауды жүзеге асыру;

      59) аудандық коммуналдық меншіктегі коммуналдық заңды тұлғалар арасындағы мүлікті тапсыруды жүзеге асыру;

      60) коммуналдық заңды тұлғалардың баланстарынан негізгі құралдарды есептен шығару бойынша жұмыстарды жүргізу;

      61) аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесіне енгізілген аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің алдын ала келісімін алу;

      62) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау жөніндегі конкурсты "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйымдастыру және өткізу;

      63) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауданы өткізу, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға немесе тендер шарттарында сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құру;

      64) аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату алдындағы дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу, жекешелендіру объектілерін жекелеген саудалар бойынша бөлу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін белгілеу, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда үлгісін айқындау, бастапқы, старттық және жекешелендіру объектілерінің ең төменгі бағаларын анықтау және бекіту; "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жарналарды қабылдау және қайтару;

      65) аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес аукциондардың, тендрлердің ұйымдастырылуы мен өткізілу барысына бақылауды жүзеге асыру;

      66) сауда жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және аудандық коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру шарттары талаптарының орындалуын бақылау (жекешелендіруден кейінгі бақылау), оларға Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      67) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауданы өткізу рәсімдеріне байланысты саудаға қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушылармен есеп айырысуларды жүзеге асыру;

      68) аудандық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға), сенімгерлік басқаруға беруден, борышты қайтару бойынша шараларды қабылдаудан ақшалай қаражаттың аудан бюджетінің кірістеріне толық және мерзімінде түсуін бақылауды жүзеге асыру;

      69) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру және жүргізу.

      70) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, оның жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген қырық мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын мөлшерi;

      71) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту (алдын-ала мемлекеттік сатып алу жоспары);

      72) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу және орындау;

      73) жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      74) мемлекеттік тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;

      75) конкурстарға келісімшартқа қол қою мерзімін келісу;

      76) мемлекеттік сатып алу веб-сайтының мониторингі;

      77) мемлекеттік сатып алуларда әділетсіз қатысушы ретінде жеткізушіні тану туралы сотқа талап арыздарды дайындау;

      78) конкурстардың және баға ұсыныстарының нәтижелерін бақылау.

О внесении изменения в Положение коммунального государственного учреждения "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 20 февраля 2023 года № 35

      В соответствии c пунктом 2 статьи 31, статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Тимирязевского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в Положение коммунального государственного учреждения "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области", утвержденного постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 22 октября 2022 года № 265 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области", следующее изменение:

      пункт 15 Положения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" произвести регистрацию внесенного изменения в Положение в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тимирязевского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Аким района Е. Жаров

  Утверждено
  постановлением акимата
  Тимирязевского района
  Северо-Казахстанской области
  от "20" февраля 2023 года № 35

Перечень внесенного изменения в Положение коммунального государственного учреждения "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области"

      1. Пункт 15 "Функции" изложить в новой редакции:

      1) прогнозирование поступлений в местные бюджеты и бюджеты сельских округов на трехлетний период;

      2) определение лимитов расходов по районным бюджетным программам и бюджетам сельских округов, лимитам на новые инициативы на плановый период и доведение их до администраторов;

      3) рассмотрение бюджетных заявок администраторов бюджетных программ на предмет их соответствия требованиям, предъявляемым Правилами составления и представления бюджетной заявки и бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      4) разработка проекта районного бюджета и бюджетов сельских округов на плановый период и внесение предложений по уточнению, корректировке районного бюджета и бюджета сельских округов на соответствующий финансовый год;

      5) внесение проекта районного бюджета и проекта бюджетов сельских округов (изменений к районному бюджету и бюджету сельских округов) на рассмотрение районной бюджетной комиссии и его корректировка по результатам рассмотрения;

      6) расчет прогнозных параметров бюджета сельских округов при определении объемов трансфертов общего характера на трехлетний период;

      7) подготовка решений сессий районного маслихата об утверждении районного бюджета и бюджета сельских округов, о размерах подъемного пособия и бюджетного кредита, об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области, финансируемых из районного бюджета, об уточнениях районного бюджета и бюджетах сельских округов, других вопросах в пределах компетенции;

      8) разработка проектов постановлений акимата района о реализации решений сессий районного маслихата по вопросам бюджета, в том числе разработка перечня приоритетных местных бюджетных инвестиций, включая инвестиционные проекты в разрезе объектов, об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Тимирязевского района Северо-Казахстанской области;

      9) подготовка докладов, пояснительных записок, информационно- аналитических материалов и справок по районному бюджету и другим вопросам, относящимся к компетенции отдела;

      10) подготовка экономических заключений по инвестиционным предложениям государственных инвестиционных проектов администраторов бюджетных программ;

      11) мониторинг и оценка реализации местных бюджетных инвестиционных проектов и бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц, проектов государственно- частного партнерства, в том числе концессионных проектов;

      12) подготовка экономических заключений на бюджетные инвестиционные проекты и бюджетные инвестиции, планируемые к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц;

      13) разработка и размещение "Гражданского бюджета", бюджета района и бюджетов сельских округов;

      14) подготовка информации по реализации Государственной программы развития регионов на 2020-2025 годы, согласно Постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 990 "Об утверждении Государственной программы развития регионов на 2020-2025 годы";

      15) мониторинг сельских населенных пунктов в соответствии с Совместным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 апреля 2019 года № 29, Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № 164, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № ҚР ДСМ-50, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 23 апреля 2019 года № 243, Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 113 и Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № 56/НҚ "Об утверждении Системы региональных стандартов для населенных пунктов";

      16) определение перечня опорных, спутниковых и приграничных сельских населенных пунктов по методике определения перспективных кластеров, согласно Приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 сентября 2019 года № 81 "Об утверждении критериев для определения сельских населенных пунктов";

      17) разрабатывает прогноз социально-экономического развития района на пятилетний период;

      18) проведение мониторинга социально-экономического развития района;

      19) подготовка информаций и сводных отчетов об исполнении поручений акима района (в пределах компетенции);

      20) подготовка ответов (проектов ответов) на запросы депутатов, районных государственных органов и их территориальных управлений (в пределах компетенции);

      21) разработка проектов правовых и нормативных правовых актов акима и акимата района в области планирования и исполнения бюджета района, управления коммунальной собственностью района;

      22) составляет и утверждает в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам;

      23) вносит изменения и дополнения в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам, включая годовые суммы и представляет их в территориальные органы Казначейства;

      24) обеспечение планирования и исполнения бюджета района;

      25) координирует деятельность администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;

      26) осуществляет ежедневный и ежемесячный мониторинг исполнения районного бюджета, с целью выявления причин несвоевременного принятия обязательств, несвоевременного проведения платежей по бюджетным программам, составления прогнозов исполнения поступлений и расходов районного бюджета;

      27) рассмотрение ходатайства о выделении денег из резерва местного исполнительного органа района в случаях возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера местного масштаба, а также проведение мероприятий по обеспечению правового режима чрезвычайного положения;

      28) внесение в установленном законодательством порядке в местный исполнительный орган района проекта постановления о выделении средств на ликвидацию чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера и / или проведение мероприятий по обеспечению правового режима чрезвычайного положения;

      29) предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты согласно Закона Республики Казахстан "О государственных услугах";

      30) проведение мониторинга использования и возврата заемщиками бюджетных кредитов;

      31) представление годового отчета об исполнении районного бюджета за отчетный финансовый год в органы, определенные бюджетным законодательством;

      32) составление и представление бюджетной отчетности, отчета об исполнении районного бюджета, составление консолидированной финансовой отчетности районного бюджета в соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 "Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов", Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 6 декабря 2016 года № 640 "Об утверждении Правил составления консолидированной финансовой отчетности администраторами бюджетных программ и местными уполномоченными органами по исполнению бюджета".

      33) Размещение проектов бюджетных программ, отчетов о реализации бюджетных программ на портале "Открытые бюджеты" в соответствии с Приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 149 "Об утверждении Правил размещения информации и публичного обсуждения проектов бюджетных программ (отчетов о реализации бюджетных программ) на интернет-портале открытых бюджетов", мониторинг размещения информации администраторами бюджетных программ на портале "Открытые бюджеты";

      34) анализ зарегистрированных, невыполненных и неоплаченных обязательств государственных учреждений, финансируемых из районного бюджета;

      35) осуществление возврата в вышестоящий бюджет неиспользованных (недоиспользованных) в истекшем финансовом году сумм целевых трансфертов;

      36) осуществление мониторинга по вопросам проведения государственных закупок в районе;

      37) обеспечение организации бухгалтерского учета и отчетности, формирование, утверждение и исполнение планов финансирования бюджетных программ, администратором которых является КГУ "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области";

      38) разработка годового плана государственных закупок, организация и проведение процедур государственных закупок, составление отчетности по государственным закупкам КГУ "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках"

      39) обеспечение функционирования в КГУ "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" системы информационных ресурсов;

      40) обеспечивает учет и рассмотрение обращений физических и юридических лиц, проведение личного приема граждан руководителем отдела в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан;

      41) осуществление полномочий по участию во владении, пользовании и распоряжении коммунальным имуществом акимата района в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", осуществление мер по его защите, проведение работы по вопросам эффективного и рационального использования и сохранностью районного коммунального имущества;

      42) организация учета районного коммунального имущества, обеспечение его эффективного использования;

      43) согласование нормативов отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, устанавливаемого Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      44) ведение реестра государственных учреждений финансируемым из районного бюджета, государственных коммунальных предприятий, акционерных обществ и хозяйственных товариществ, с государственной долей участия, проведение инвентаризации и учета имущества в этих организациях;

      45) осуществление контроля за своевременностью, полнотой начисления и перечисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, а также доходов казенных предприятий, полученных сверх сметы;

      46) осуществление контроля своевременности и полноты начисления и перечисления акционерными обществами (товариществами с ограниченной ответственностью) в доход районного бюджета дивидендов на акции (части чистого дохода на доли участия), относящиеся к районной коммунальной собственности;

      47) осуществление ежеквартального мониторинга финансово-хозяйственной деятельности государственных коммунальных казенных предприятий;

      48) осуществление контроля за разработкой планов финансово-хозяйственной деятельности государственных коммунальных казенных предприятий;

      49) осуществление контроля за проведением инвентаризации имущества районных коммунальных государственных учреждений, финансируемых из районного бюджета, и предприятий, контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью;

      50) закрепление районного коммунального имущества за районными коммунальными юридическими лицами;

      51) организация учета, хранения, оценки и дальнейшего использования районного коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", бесхозяйным, перешедшего государству по праву наследования, а также выморочного имущества, находок, безнадзорных животных, безвозмездно перешедших в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", в коммунальную собственность, доли кладов, не содержащих вещей, относящихся к культурным ценностям;

      52) постановка на учет недвижимого имущества как бесхозяйное;

      53) подача иска в суд о признании недвижимого имущества бесхозяйным и поступившим в коммунальную собственность;

      54) предоставление районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      55) заключение договоров имущественного найма (аренды), доверительного управления объектами районной коммунальной собственности, в пределах своей компетенции иных договоров, внесение в них изменений и дополнений;

      56) осуществление контроля за выполнением арендаторами, доверительными управляющими объектами районной коммунальной собственности обязательств по договорам имущественного найма, доверительного управления, иным договорам в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      57) осуществление передачи имущества, в том числе имущественных комплексов районных коммунальных юридических лиц, акций акционерных обществ и долей участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью, относящихся к районному уровню коммунального имущества, имущество районных коммунальных юридических лиц, на областной уровень коммунального имущества в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      58) осуществление приема имущества, в том числе имущественных комплексов областных коммунальных юридических лиц, акций акционерных обществ и долей участия в уставном капитале товариществ с ограниченной ответственностью, относящихся к областному уровню коммунального имущества, имущество областных коммунальных юридических лиц, на районный уровень коммунального имущества в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      59) осуществление передачи имущества между коммунальными юридическими лицами районной коммунальной собственности;

      60) ведение работы по списанию основных средств с балансов коммунальных юридических лиц;

      61) получение предварительного согласия акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области по приватизации районного коммунального имущества, включенного в перечень объектов районного коммунального имущества;

      62) организация и проведение конкурса в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" по оценке районного коммунального имущества в случаях, установленных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      63) создание межведомственных комиссий по проведению торгов, передаче районного коммунального имущества в имущественный наем или доверительное управление на условиях тендера в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      64) ведение работы по предпродажной подготовке объектов районной коммунальной собственности, распределение объектов приватизации по отдельным торгам, а также установление сроков их проведения, определение формы торгов по каждому объекту приватизации, определение и утверждение начальной, стартовой и минимальной цен объектов приватизации; прием и возврат гарантийных взносов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      65) организация и проведение приватизации объектов районной коммунальной собственности, осуществление контроля за ходом организации и проведения аукционов, тендеров в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      66) заключение договоров купли-продажи с победителями торгов и контроль исполнения условий договоров приватизации объектов районной коммунальной собственности (постприватизационный контроль), внесение в них изменений и дополнений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      67) осуществление расчетов с участниками, покупателями и организаторами торгов, связанных с процедурами проведения торгов в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      68) осуществление контроля полноты и своевременности поступления в доход районного бюджета денежных средств от продажи районного коммунального имущества, от передачи районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду), доверительное управление, принятие мер по взысканию задолженности;

      69) организация и ведение системы документационного обеспечения КГУ "Отдел экономики и финансов акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области".

      70) организация и проведение государственных закупок по перечню товаров, работ, услуг, годовые объемы которых в стоимостном выражении не превышают сороктысячекратный размер месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете;

      71) разработка и утверждение годового плана государственных закупок (предварительного годового плана государственных закупок);

      72) заключение и исполнение договора о государственных закупках;

      73) внесение изменений и (или) дополнений в годовой план государственных закупок;

      74) организация и проведение конкурсов по государственным закупкам;

      75) координация сроков подписания договоров по конкурсам;

      76) осуществление мониторинга сайта государственных закупок;

      77) подготовка исковых заявлений в суд о признании поставщика недобросовестным участником государственных закупок;

      78) контроль результатов конкурсов и ценовых предложений.